Жүйе тұрақты жұмыс істеу үшін ТЕК Chrome браузерін қолдану керек. Сіз Chrome-ды осы жерден жүктей аласыз.
QAZAQ RESMI TEST тапсыру үшін арнайы дайындық қажет емес. Сізге тек 60 минут бос уақытыңызды жоспарлап, компьютеріңізді, жақсы жұмыс істейтін микрофоныңызды дайындап қоюыңыз қажет және кемінде 5 мб/сек жылдамдықты тұрақты интернет болуы керек.
Егер сізге арнайы кеңес қажет болса, QAZAQ RESMI TEST-ке дайындық курстарын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жоғары білікті оқытушылары жүргізеді. Бұл дайындық курстары 24, 36 сағатқа есептелген және онлайн жүргізіледі. Сабақ кестесі білім алушылармен келісіледі.
Анықтама телефондары: 8 (7172) 75-32-70

