QAZAQ RESMI TEST дегеніміз не?
QAZAQ RESMI TEST — қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтаудың онлайн-сервисі. Ресми-іскерлік қазақ тілі мемлекеттік органдар, коммерциялық компаниялар мен өзге де ұйымдарда қызмет жасау үшін қажет.
QAZAQ RESMI TEST — бұл онлайн тест. Тілді меңгеру деңгейін бағалаудың дәстүрлі әдістеріне қарағанда, онлайн режимінде, өз компьютеріңізден, кез келген уақытта, ыңғайлы жағдайда тапсыруға болады.
QAZAQ RESMI TEST әдіснамасы тілді деңгей бойынша оқыту тұжырымдамасына сәйкес және орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған мазмұндағы типтік оқу бағдарламалары негізінде әлемдік тәжірибені ескере отырып әзірленді және орфография, тыңдалым, оқылым, жазылым және қазақ тілінің ресми-іскерлік стилінде сөйлеу бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі нормаларды қамтиды.
Тұжырымдамада баяндалған оқыту жүйесі ересек Жоғары оқу орнынан кейінгі аудиторияның қазақ тілінің ғылыми, ресми, публицистикалық стильдері бойынша дәйекті мәтінді (баяндамалық, талдама-сараптамалық) құрастыру, түрлі көлемде көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын деңгейлеп меңгеруге бағытталған.
Бұл тәсіл тілді меңгеру деңгейін тілдік біліммен қатар, ресми-іскерлік жазылым және сөйлеу деңгейін де анықтауға мүмкіндік береді.