QAZAQ RESMI TEST

QAZAQ RESMI TEST

QAZAQ RESMI TEST — қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтаудың онлайн-сервисі. Тестті онлайн режимінде өзіңізге ыңғайлы уақытта тапсыруға болады.

Тест 5 бөліктен тұрады және 5 тілдік дағдыны анықтайды:

Тыңдалым
ақпаратты есту арқылы қабылдауы

Лексика-орфография
жазу нормаларын білуі

Оқылым
мәтіннен қажетті ақпаратты анықтай алуы

Жазылым
аргументті мәтін құрастыру дағдысының болуы

Сұхбат
3 сұрақ бойынша ойын жан-жақты жеткізе алуы

* Тест бөліктерін онлайн платформада орналасқан ретімен бірден өту қажет.

* CEFR кез келген тілді меңгеру деңгейін бағалаудың жүйесі. Тілді меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілігіне (Common European Framework of Reference, CEFR) сәйкес тілді бағалау құрылымы 6 деңгейге бөлінеді.

* QAZAQ RESMI TEST әдіснамасы «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерінің Ұлттық стандарттары (СТ РК 1927-2015, СТ РК 1925-2015, СТ РК 1929-2015)» негізінде әзірленген және жоғары оқу орнынан кейінгі ресми қазақ тілінің тыңдалым, лексика-орфография, жазылым және сөйлеу нормаларын қамтиды.

CEFR жүйесіне сәйкес тыңдаушылардың тілдік білімі 3 топқа бөлінеді, олардың әрқайсысы өз кезегінде 2 топқа бөлінеді. CEFR шкаласы бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейі мынадай:

Деңгей атауы Деңгей сипаттамасы

А1

Қарапайым деңгей
Қарапайым лексика, негізінен жай сөйлемдер құрастыру. Сұхбатта қарапайым фразалар мен сөз тіркестерін қолдану.

А2

Базалық деңгей
Жай сөйлемдермен қарапайым мәтін құрастыру. Сұхбатта өз пікірін жай сөйлемдермен жеткізу.

B1

Орта деңгей
Тақырыптың өзектілігін аша отырып, мәтін құрастыру. Сұхбатта пікірін дәлелді жеткізу.

B2

Ортадан жоғары деңгей
Нақты мысалдар келтіре отырып, аргументті мәтін құрастыру. Көтерілген мәселе бойынша нақты мысалдар келтіре отырып, көзқарасын дәлелді жеткізу.

C1

Жоғары деңгей
Талдамалы-сараптамалық сөйлемдермен мәтін құрастыру. Аудитория алдында баяндама жасау, аудиторияның күрделі сұрақтарына дәлелді жауап беру.

C2

Жетік деңгей
Кәсіби терминология мен әдеби тілдік нормаларды сақтай отырып, баяндама жазу. Көпшілік алдында шешен сөйлеу.

Тыңдалым

1,5-2 минуттық видео материалдың негізгі идеясын түсінгендігі берілген сұрақтарға жауап беру арқылы анықталады.
5
сұрақ
10
минут

Лексика-орфография

Бұл бөлімде орфоэпиялық, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық, синтаксистік, пунктуациялық нормаларды білу деңгейі анықталады.
10
сұрақ
10
минут
Оқылым

Әртүрлі мазмұнды мәтіндерді оқу, көтерілген негізгі мәселелерді түсіну дағдысы анықталады.

1 мәтін
10 сұрақ
15
минут

Жазылым

Жағдаятта айтылған негізгі ойдың өзектілігін ашып, аргументті мәтін құрастыру дағдысы анықталады.
Аргументті мәтін
15
минут

Сұхбат

Берілген сұрақтарға 5-10 минут ішінде аргументті сөйлемдермен жауап беру дағдысы анықталады.
3
сұрақ
10
минут

QAZAQ RESMI TEST онлайн жүйесін қазақстандық DIGITAL SYSTEM OF KAZAKHSTAN компаниясы әзірлеген.

«Тыңдалым», «Лексика-орфография» және «Оқылым» бөліктерін автоматты түрде жүйе бағалайды.

Сарапшылар «Жазылым» және «Сұхбат» бөліктерінің тапсырмаларын 2 күн ішінде бағалайды.

QAZAQ RESMI TEST шеңберінде көзделген прокторинг жүйесі кандидаттың іс-қимылын қадағалайды және оған басқа бағдарламаларды, терезелерді немесе құралғыларды пайдалануға мүмкіндік бермейді. Тестілеуді тапсыру барысында аудио-бейне бақылау жүргізіледі. Тест талаптарын бұзған жағдайда тестілеу нәтижелері автоматты түрде жойылады.

Шифрлау модулі бағалаудың толық объективтілігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді, өйткені тәуелсіз сарапшылар иесіздендірілген жұмыстарды халықаралық сәйкестендіру стандартына – UUID (әмбебап бірегей идентификатор) сәйкес шифрлайды. Кандидаттарды тестілеу нәтижелері сарапшылар үшін 32 таңбалы шифр түрінде көрсетіледі.

UUID шифрлау мысалы:

123e4567-e89b-12d3-a456-426655449200

Академияның магистратура, докторантура бағдарламаларына оқуға түсетін үміткерлер;
Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлер;
“Болашақ” халықаралық бағдарламасының үміткерлері;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басшы лауазымды қызметкерлері (Президенттік резерві);
Назарбаев зияткерлік мектебінің қызметкерлері;
Басқа да тұлғалар;