QAZAQ RESMI TEST

QAZAQ RESMI TEST

QAZAQ RESMI TEST - қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтаудың онлайн-сервисі. Онлайн режимінде өзіңізге ыңғайлы уақытта тапсыруға болады.

Тест 4 бөліктен тұрады және 4 тілдік дағдыны анықтайды:

Тыңдалым
тілді есту
арқылы қабылдауы

Лексика-орфография
тілдік ережелерді білуі

Жазылым
аргументті мәтін
құрастыру дағдысы

Сұхбат
қойылған сұрақтар
бойынша сөйлей білу дағдысы

* Тест бөліктерін онлайн платформада орналасқан ретімен немесе өз таңдауыңыз бойынша орындауға болады. Маңыздылығы тест бөлімдерін бірден өту қажет.

Common European Framework of Reference, CEFR)

Тілді меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілігіне (Common European Framework of Reference, CEFR) сәйкес тілді бағалау құрылымы 6 деңгейге бөлінеді. 2001 жылы Еуропа Кеңесі кез-келген тілде тілдік құзыреттілікті бағалау үшін CEFR қолдану туралы шешім қабылдады. Бастапқыда CEFR шет тілін бағалауға бағытталса, кейіннен ол кез келген тілді меңгеру деңгейін бағалаудың тірек жүйесіне айналды.

CEFR жүйесіне сәйкес тыңдаушылардың тілдік білімі 3 топқа бөлінеді, олардың әрқайсысы өз кезегінде 2 топқа бөлінеді. CEFR шкаласы бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейі мынадай:

Деңгей атауы Деңгей сипаттамасы

А1

Базалық деңгей
Ресми-іскери стильдің қарапайым лексикасы, негізінен қарапайым сөйлемдер. Сұхбатта қарапайым фразалар мен сөз тіркестерін қолдану.

А2

Қарапайым деңгей
Қарапайым сөйлемдерді құрастыру. Сұхбат және тыңдау сұрақтарын есту арқылы игеру. Өз пікірін қарапайым сөйлемдермен жеткізу.

B1

Орта деңгей
Тірек сөздерді қолдана отырып мәтін құрастыру. Өз пікірін қарапайым сөйлемдермен дәлелді түрде жеткізу.

B2

Ортадан жоғары деңгей
Мысалдарды аргумент, дәлел ретінде пайдалана отырып, жағдаяттарды сипаттау. Орташа күрделі диалогтарды сөйлеу тілінде қолдану.

C1

Жоғары деңгей
Аналитикалық жазбаларды, сараптамалық қорытындыларды құрмалас сөйлемдермен құрастыру. Аудитория алдында баяндамамен сөз сөйлеу, аудиторияның күрделі сұрақтарына дәлелді жауап беру

C2

Кәсіби деңгей
Коммуникацияның түрлері, нәтижеге бағытталған жазбаша коммуникация, көпшілік алдында сөз сөйлеуге жазбаша дайындық, мемлекеттік тілде шешен сөйлеу

Тыңдалым

1,5-2 минуттық видео материалдың негізгі идеясын түсінгендігі берілген сұрақтарға жауап беру арқылы анықталады.
5
сұрақ
10
минут

Лексика-орфография

Бұл бөлімде орфоэпиялық, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық, синтаксистік, пунктуациялық нормаларды білу деңгейі анықталады.
10
сұрақ
10
минут

Жазылым

Нақыл сөзде айтылған негізгі ойдың өзектілігін ашып, аргументті мәтін құрастыру
Аргументті мәтін
15
минут

Сұхбат

Берілген сұрақтарға 5-10 минут ішінде аргументті сөйлемдермен жауап берілуі тиіс
3
сұрақ
10
минут
Common European Framework of Reference, CEFR)

QAZAQ RESMI TEST әдіснамасы «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерінің Ұлттық стандарттары (СТ РК 1927-2015, СТ РК 1925-2015, СТ РК 1929-2015)» негізінде әзірленген және жоғары оқу орнынан кейінгі ресми қазақ тілінің тыңдалым, лексика-орфография, жазылым және сөйлеу нормаларын қамтиды.

Common European Framework of Reference, CEFR)

QAZAQ RESMI TEST - онлайн жүйесін қазақстандық DIGITAL SYSTEM OF KAZAKHSTAN компаниясы әзірлеген.

QAZAQ RESMI TEST 4 бөліктен тұрады. «Тыңдалым» және «Лексика-орфография» бөліктері тест тапсырмаларымен ұсынылған. Осы бөліктердің нәтижелерін жүйе анықтап, бағалайды.

«Жазылым» бөлігі аргументті мәтін құрастыру түрінде берілгендіктен сарапшылар 2 жұмыс күні ішінде бағалайды.

«Сұхбат» бөлігінде ұсынылған 3 сұрақтың жауабы бейне сұхбат ретінде сақталып, сарапшылар 2 жұмыс күні ішінде бағалайды.

QAZAQ RESMI TEST шеңберінде көзделген прокторинг жүйесі кандидаттың іс-қимылын қадағалайды және оған басқа бағдарламаларды, терезелерді немесе құралғыларды пайдалануға мүмкіндік бермейді. Тестілеуді тапсыру барысында аудио-бейне бақылау жүргізіледі. Тест талаптарын бұзған жағдайда тестілеу нәтижелері автоматты түрде жойылады.

Шифрлау модулі бағалаудың толық объективтілігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді, өйткені тәуелсіз сарапшылар иесіздендірілген жұмыстарды халықаралық сәйкестендіру стандартына - UUID (әмбебап бірегей идентификатор) сәйкес шифрлайды. Кандидаттарды тестілеу нәтижелері сарапшылар үшін 32 таңбалы шифр түрінде көрсетіледі.

UUID шифрлау мысалы:

123e4567-e89b-12d3-a456-426655449200


QAZAQ RESMI TEST әдіснамасы «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерінің Ұлттық стандарттары (СТ РК 1927-2015, СТ РК 1925-2015, СТ РК 1929-2015)» негізінде әзірленген және жоғары оқу орнынан кейінгі ресми қазақ тілінің тыңдалым, лексика-орфография, жазылым және сөйлеу нормаларын қамтиды.

Common European Framework of Reference, CEFR)

Мақсатты аудитория негізінен іскери хаттар, көпшілік алдында сөйлеу және өзара қарым-қатынас жасау кезінде мемлекеттік тілді қолданатын қызметшілерден тұрады.

Мемлекеттік қызметшілерден басқа QAZAQ RESMI TEST құжатайналым, іс-қағаздары мемлекеттік тілде жүзеге асырылатын коммерциялық ұйымдарға да бағытталған.

Академияның магистратура, докторантура бағдарламаларына оқуға түсетін үміткерлер

Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлер;

“Болашақ” халықаралық бағдарламасының үміткерлері;

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басшы лауазымды қызметкерлері (Президенттік резерві);

Назарбаев зияткерлік мектебінің қызметкерлері;u

© Все права защищены 2020